Беларусь құрамасына үміткер ойыншы ҚПЛ клубына ауысады

Беларусь құрамасына үміткер ойыншы ҚПЛ клубына ауысады

Беларусьтік футболшы Дмитрий Бородин ҚПЛ-ға қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Legalbet.kz-ге сілтеме жасап.

«Қазір «Оқжетпеспен» келіссөз жүргізіп жатырмыз. Әзірге нақты ақпарат жоқ. Мен қарастырып жатқан басқа ұсыныстар да бар. Кейбірі Қазақстаннан емес», - деді футболшы.

26 жастағы орталық жартылай қорғаушы Дмитрий Бородин 2022/2024 жылдары қазақстандық «Ордабасы» және «Қайсар» клубтарында ойнады (Қазақстан Премьер-лигасында 54 матчқа қатысып, 12 гол соқты және екі нәтижелі пас берді). 2025 жылдың басында «Гомельге» ауысты, ал өткен жаздан бері «Торпедо-БелАЗ» сапында доп теуіп жүр.

2023 жылы Беларусь құрамасына шақырылған, бірақ әлі дебют жасаған жоқ.

Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 300 000 еуроға бағалайды.

Қазақстандық жас футболшы тарихи келісімшартқа қол қойды

Қазақстан құрамасының футболшысы «Тобылға» ауысады

«Жеңіс» Түркияға аттанатын құрамын жариялады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или