Хусановқа «Манчестер Ситиде» жаңа әріптес қосылады

Хусановқа «Манчестер Ситиде» жаңа әріптес қосылады

«Манчестер Сити» клубы Англия құрамасының және «Кристал Пэлас» командасының орталық қорғаушысы Марк Гуэхимен келісімге келуге таяп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо мәлім етті.  

Деректерге сүйенсек, трансферді ресми түрде аяқтау үшін бірнеше жайтты нақтылау қажет. Келісімшарттың жалпы құны шамамен 20 миллион фунт стерлингті құрауы мүмкін. Ағымдағы маусымда Гуэхи барлық турнирде 33 матч өткізіп, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. Ол Лондонның «Челси» клубының түлегі.

Қорғаныс шебін күшейт Рубен Диаш пен Йошко Гвардиолдың жарақат алуына байланысты қажет болды.

Айта кетелік, бұл ауыс-түйіс жүзеге асса, «Манчестер Ситидің» қорғаныс шебінде ойнайтын Хусанов жаңа әріптеспен бәсекеге түсетін болады.







ӘЛЕМ ФУТБОЛЫ
Мбаппе жайлы жағымсыз ақпарат шықты





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или