Жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы рингке оралуға дайындалуда

Жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы рингке оралуға дайындалуда

Кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) рингке оралуға дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшының жаттығу жиыны Таиландтағы Пхукет аралы нда өтіп жатыр. Мейіріммен бірге жұмыс істейтін жаттықтырушы Джон Хатчинсон Instagram парақшасында боксшымен түскен суретін жариялап, оның әлем чемпионы атағын жеңіп алуға толық дайын екенін атап өтті.

«Жаттығу жиыны енді тек қарқын туралы емес. Ең бастысы — дәлдік. Белдікке жететін уақыт келді», - деп жазды Хатчинсон.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер болып табылады. Қазіргі таңда бұл белдік Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) тиесілі. Сонымен қатар қазақстандық боксшы соңғы рет рингке 2023 жылы шыққан.

Серік Сәпиев Терренс Кроуфордпен жүздесті

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или