Ұлттық құраманың экс-бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Ұлттық құраманың экс-бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Қайрат Сәтжанов ҚБФ жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сәтжанов Қайрат Тұрсынханұлы - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, әр жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Қайрат Сәтжанов ҚБФ жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Қайрат Тұрсынханұлы жаттықтырушылар жұмысын үйлестіріп, дайындық жоспарына жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, бұған дейін аталған қызметте болған Олимпиада ойындарының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жалпы сұрақтар жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды. Даңқты боксшы енді отандық боксты дамыту, ішкі үйлестіру мәселелеріне жауапты болады.

Бақыт Сәрсекбаев жастар құрамасының аға жаттықтырушысы атанды

Қайрат Сәтжанов ұлттық құрамадан неге кеткенін айтты

Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или