Бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа көлік пен пәтер кілтін табыстады
Бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.
Айта кетелік, Қайрат Сәтжанов Париж Олимпиадасынан кейін Қазақстан құрамасын екінші мәрте басқарған болатын. Алайда 2026 жылдың 10 қаңтарында қызметінен босатылып, оның орнына Нұржан Хасанов тағайындалды.
Бақыт Сәрсекбаев жастар құрамасының аға жаттықтырушысы атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или