Бокс ардагерлері ұлттық құраманың жаңа бапкеріне сәттілік тіледі
Бокс ардагерлері Түркістан облысындағы Қазақстан ерлер құрамасының оқу-жаттығу жиынына бас жаттықтырушы Нұржан Насановтың шақыруымен арнайы келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандық боксқа ғұмырын арнаған Тұрсынғали Еділов, Ермахан Ибраимов, Дамир Буданбеков, Әлімбек Балмағамбетов, Марат Елеусінов және Жұмабек Өмірзақов құнды ойларымен бөлісті.
Ардагерлер Қазақстан бокс федерациясының басшылығы және ұлттық құраманың жаттықтырушыларымен бірлесе ел боксының бүгінгі хал-жағдайын талқылады, болашақта ілгері басу үшін өз пікірін жеткізді.
Сонымен қатар, ардагерлерге құрмет көрсетіліп, дәстүр бойынша шапан жабылды. Қазақстан боксының ақсақалдары жаңа бас жаттықтырушы Нұржан Насановқа сәттілік тілеп, ұлттық құрамаға ақ батасын берді.
Бокстан әлем чемпионы: «Қайрат Сәтжановты неге дәл Олимпиада алдында жұмыстан шығара береді?»
Өзбекстандық Тулкин Киличев Қазақстан құрамасының «бас бапкері» болып тағайындалды
2026 жылы World Boxing аясында қандай жарыстар өтетіні белгілі болды