19 жастағы қазақстандық футболшы тарихи келісімшартқа қол қойды

19 жастағы қазақстандық футболшы тарихи келісімшартқа қол қойды

Қазақстандық жас футболшылар Португалия футболында көзге түсіп келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осыған дейін отандастарымыз тек жастар командаларында ойнаса, Афуан Дәулетұлы Португалияның ересектер клубымен кәсіби келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық атанды. 19 жастағы жартылай қорғаушы Лиссабоннан 40 шақырым жердегі Мафра қаласының «Атлетико Малвейра» клубымен келісімшарт бекітті. Оның мүддесін танымал агент Паулу Барбоза қорғайды. Мамандар Афуанның техникасы мен ойын оқу қабілетін жоғары бағалап отыр.

Футболшы алғашқы қадамдарын Георге Хаджидің академиясында бастап, кейін Португалияда шыңдалды. Бірқатар елдерден ұсыныс алғанына қарамастан, ол даму үшін «Атлетико Малвейраны» таңдады.

Айта кетейік, келісімшарт 1+1 жүйесімен жасалған.

«Жеңіс» Түркияға аттанатын құрамын жариялады

«Астана» ресейлік клубқа қарсы матч өткізе ме?

Қазақстан құрамасының футболшысы «Тобылға» ауысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или