Қазақстандық төрешілер 2026 жылға FIFA халықаралық мәртебесін алды
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2026 жылға халықаралық мәртебе алған немесе оны ұзартқан төрешілердің тізімін бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Қабылданған шешімнің нәтижесінде 21 қазақстандық төреші FIFA мен конфедерациялар аясындағы ең жоғары деңгейдегі матчтарда, халықаралық турнирлер мен іріктеу жарыстарында қызмет ету құқығына ие болды.
Тізімге енгендер:
FIFA және VAR төрешілері:
- Арман Исмуратов
- Саят Карабаев
- Данияр Сахи
FIFA төрешілері:
- Булат Сариев
- Татьяна Сорокопудова
FIFA төрешілерінің ассистенттері:
- Дмитрий Белоградов
- Евгений Бельский
- Алексей Долгих
- Динара Идрисова
- Сергей Калачев
- Денис Лабашов
- Наргис Магау
- Самат Тергеусизов
- Юрий Тихонюк
- Сергей Васютин
Футзал (FIFA төрешілері):
- Аслан Галиев
- Нурлыбек Калимаганбетов
- Турехан Турсумбаев
Бич-соккер (FIFA төрешісі):
- Роман Дзусов
FIFA VAR:
- Сакен Байымбет
- Айдын Тасыбаев
«Тобыл» командасынан бүкіл шектеу алынып тасталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или