2026 жылы World Boxing аясында қандай жарыстар өтетіні белгілі болды

2026 жылы World Boxing аясында қандай жарыстар өтетіні белгілі болды

Халықаралық World Boxing әуесқой бокс федерациясы аясында өтетін 2026 жылға арналған жарыстар күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оған биыл федерация тарапынан ұйымдастырылатын көптеген спорттық шаралар енгізілген. Олардың қатарында Азия және Еуропа чемпионаттары, жазғы Азия ойындары бар. Сондай-ақ World Boxing өткен жылдағы секілді әлем кубогын өткізуді жоспарлап отыр. Үш кезеңге созылатын жарыс жыл соңында Өзбекстанда түйінделеді.

8-15 наурыз. World Boxing Futures Cup 2026 U19. Бангкок, Таиланд.

28 наурыз -11 сәуір. Ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты. Улан-Батор, Моңғолия.

20-26 сәуір. World Boxing. Әлем кубогы, I кезең (ерлер мен әйелдер). Фос-ду-Игуасу, Бразилия.

15-20 маусым. World Boxing әлем кубогы, II кезең (ерлер мен әйелдер). Гуйян, Қытай.

23 шілде-2 тамыз. Достастық ойындары (ерлер мен әйелдер). Глазго, Шотландия.

15-26 қыркүйек. Бокстан Еуропа чемпионаты (ерлер мен әйелдер). София, Болгария.

19 қыркүйек-4 қазан. Азия ойындары (ерлер мен әйелдер). Айти–Нагоя, Жапония.

10-17 қазан. Панамерикалық бокс чемпионаты (ерлер мен әйелдер). Пуэбла, Мексика.

31 қазан-13 қараша. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары. Дакар, Сенегал.

25 қараша -2 желтоқсан. World Boxing. Әлем кубогы, финалдық кезең.Ташкент, Өзбекстан.


Бокстан әлем чемпионы: «Қайрат Сәтжановты неге дәл Олимпиада алдында жұмыстан шығара береді?»

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или