«Тобыл» командасынан бүкіл шектеу алынып тасталды

«Тобыл» командасынан бүкіл шектеу алынып тасталды

Қостанайдың «Тобылына» қатысты FIFА санкциясы ресми түрде алынып тасталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық футбол федерациясының ресми сайтының хабарлауынша, қазақстандық клубқа 2025 жылдың 28 желтоқсанынан бастап жаңа ойыншыларды тіркеуге және оларды ресми матчтарға шығаруға тыйым салынған. 16 қаңтарда FIFА санкцияланған клубтар тізімін тексеру нәтижесінде 2025 жылғы ҚПЛ-ның қола жүлдегері бұл командалардың қатарында болмағаны анықталды.

«Тобылға» салынған санкциялардың себебі әлі күнге дейін жұмбақ, себебі клубтың баспасөз қызметі екі жарым апта бойы ешқандай мәлімдеме жасамады. 

ҚПЛ-дың өткен маусымында қостанайлық клуб 54 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орын алды. 


Қазақстан құрамасының футболшысы «Тобылға» ауысады

«Астана» ресейлік клубқа қарсы матч өткізе ме?

«Тобыл» жолдастық матчта қарсыласын жеңе алмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или