Қазақстан құрамасының футболшысы «Тобылға» ауысады
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дәурен Жұмат Түркияда оқу-жаттығу жиын өткізіп жатқан «Тобыл» сапына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен маусымда Тараз футбол мектебінің түлегі «Оқжетпес» жейдесінде Қазақстан Премьер-лигасында 26 ойын өткізіп, 13 гол соқты.
Айта кету керек, Жұмат 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы маусымында сұрмергендер арасында төртінші орын алды.
2025 жылдың маусымында Дәурен Қазақстан құрамасы сапында Беларуське қарсы жолдастық кездесуде дебют жасады.
«Астана» ресейлік клубқа қарсы матч өткізе ме?
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или