«Астана» ресейлік клубқа қарсы матч өткізе ме?

«Астана» ресейлік клубқа қарсы матч өткізе ме?

Мәскеудің «Спартак» командасы БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиыны кезінде «Астанамен» жолдастық кездесу өткізгісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, матчтың мүмкін болатын күні мен орны талқылануда.

«Астана» алғашқы оқу-жаттығу жиынын 10-28 қаңтар аралығында елордадағы өз стадионында өткізеді. Бұған дейін елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян команданың қаржылық қиындықтарға байланысты команда шетелге бармайтынын мәлімдеген.

Айта кету керек, жеті дүркін Қазақстан чемпиондары халықаралық оқу-жаттығу жиынына арналған жоспарларын немесе жолдастық кездесулерге қарсыластарын әлі жариялаған жоқ.


«Тобыл» жолдастық матчта қарсыласын жеңе алмады

Исламбек Қуат «Жеңіспен» келісімшарт мерзімін ұзартты

«Ұлытау» командасы «Жетісудың» бұрынғы ойыншысын қатарына қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или