«Астана» Аустралиядағы жарыстарда бақ сынайды

«Астана» Аустралиядағы жарыстарда бақ сынайды

«XDS Astana Team» жаңа маусымға қатысатын құрамды ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команданың маусымы Аустралиядағы бірқатар жарыстармен басталады. Жарыстар күнтізбесіне 20-25 қаңтар аралығында өтетін Tour Down Under, 29 қаңтарға жоспарланған бір күндік Surf Coast Classic және 1 ақпанда өтетін Cadel Evans Great Ocean Road Race кіреді.

Аустралиядағы жарыстар үшін XDS Astana Team жаттықтырушылар штабы тізімге жеті шабандозды қосты. Команданың құрамында жаңа зеландиялық Аарон Гейт, италиялықтар Флориан Кайамини, Алессандро Ромеле, Давиде Тонеатти және Симоне Веласко, аустриялық Марко Шроттль және голландиялық Даррен ван Беккум бар.


Қазақстандық семсерлесуші Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Qatar Open турнирінде қазақстандық таеквандошылар 11 жүлде жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или