«Барселоналық» футболшы көрсеткен ашуы үшін жазаланды
Камерун футбол федерациясының президенті, «Барселонаның» бұрынғы жұлдызы Самуэль Это’О Африка ұлттар кубогы–2026 турнирі кезінде көрсеткен спортқа жат қылығы үшін жазаланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Камерун құрамасының Мароккоға 0:2 есебімен жеңілген Африка кубогының 1/4 финалындағы матч кезінде төрешілердің шешіміне наразылық білдіріп, ашулы ишара жасаған. Бұл жағдай Африка футбол конфедерациясының (CAF) президенті Патрис Мотсепенің көз алдында болды.
CAF тәртіптік комиссиясы 44 жастағы Это’О-ны спорттық этиканы бұзды деп танып, оған төрт матчқа дисквалификация және 20 мың доллар көлемінде айыппұл салды.
Айта кетелік, федерация бұл шешімнің нақты негізі жоқ екенін айтып, Самуэль Это’О-ны толық қолдайтынын мәлім етті.
Микель Артета 2029 жылға дейін «Арсеналда» қалуы мүмкін
«Зенит» Қатардағы алғашқы жиынға аттанды
Ибрагимовичтің ұлы «Аякске» жалға ауысты