Жәнібек Әлімханұлына ауыр соққы: Федерация ресми тыңдауын жариялады
The Fight City және BKFC.com журналисі, The Ring басылымының колумнисі әрі танымал инсайдер Патрик Коннор Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, А және В сынамалардың нәтижелері бір-біріне қайшы келуі өте сирек жағдай.
«Менің білуімше, В сынамасының А сынамасынан өзгеше шығуы өте сирек кездеседі. Есімде қалған жалғыз мысал – 2006 жылы Роберт Герреро мен Орландо Салидо арасындағы жекпе-жек. Сол кезде Салидоның алғашқы сынамасы оң нәтиже көрсетіп, кейін тәуелсіз зертханада тексерілген екінші сынамасы теріс болған. Алайда бұл жағдай үлкен дау тудырмады, сондықтан қазіргі жағдаймен салыстыру тым қиын» деді Коннор.
Айта кетелік, жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының А сынамасынан мельдоний табылып, кездесу кейінге қалдырылған болатын.