UFC 326 турнирінің толық кард тізімі жарияланды
UFC ұйымы 8 наурыз күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 326 турнирінің ресми кард тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде BMF белбеуі сарапқа салынады. Бұл атақ үшін бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы, бразилиялық Чарльз Оливейра мен америкалық Макс Холлоуэй октагонға шығады.
Турнир картасында бірнеше тартысты жекпе-жек бар. Орта салмақта Кайо Борральо мен бұрынғы ONE FC чемпионы Ренье де Риддер кездеседі. Ал жеңіл салмақтағы мықты файтерлер Ренато Мойкано мен Брайан Ортега өзара мықтыны анықтайды.
UFC 326 турнирінің толық кард тізімі:
- Макс Холлоуэй — Чарльз Оливейра
- Кайо Борральо — Ренье де Риддер
- Ренато Мойкано — Брайан Ортега
- Грегори Родригес — Бруно Феррейра
- Роб Фонт — Рауль Росас
- Донте Джонсон — Душко Тодорович
- Коди Гарбрандт — Сяо Лун
- Рафаэль Тобиас — Дияр Нұрғожай
- Коди Дёрден — Нямжаргал Тумендемберел
- Су Мудаэрцзи — Хесус Агилар
- Чу Сан Ю — Гастон Боланьос
- Люк Фернандес — Родолфо Беллато
Айта кетелік, қазақстандық жанкүйерлер үшін ең маңыздысы Дияр Нұрғожайдың UFC 326 турниріне қатысуы болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или