Гэтжи өз нұсқасындағы ең ұлы жауынгерлер тізімін жариялады

Гэтжи өз нұсқасындағы ең ұлы жауынгерлер тізімін жариялады

UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы болған Джастин Гэтжи ұйым тарихындағы ең ұлы төрт файтерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол бұл пікірін Paramount UFC Crew YouTube-арнасына берген сұхбатында білдірді.

Гэтжидің нұсқасы бойынша UFC тарихындағы үздік төрт жауынгердің тізімі мынадай:

Бірінші орында — Андерсон Силва.

Екінші сатыда — Джон Джонс.

Үшінші орынға — Жорж Сен-Пьер лайық деп танылды.

Төртінші орында — Чак Лидделл.

Еске сала кетейік, Джастин Гэтжи келесі жекпе-жегін 25 қаңтар күні Лас-Вегаста өтетін UFC 324 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы — жеңіл салмақтағы рейтингтің бесінші нөмірі, ағылшын файтері Пэдди Пимблетт. Бұл айқаста 70 келі салмақ дәрежесіндегі уақытша чемпиондық белбеу сарапқа салынады және жекпе-жек турнирдің басты оқиғасы болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или