«Арсенал» Артетамен келісімшартты ұзартуды көздеп отыр

«Арсенал» Артетамен келісімшартты ұзартуды көздеп отыр

Ағылшынның «Арсенал» клубы бас бапкер Микель Артетамен келісімшартты 2029 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы журналист Николо Скира әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Қазіргі таңда 43 жастағы испаниялық маманның «Арсеналмен» келісімі 2027 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды. Клуб басшылығы Артетаның жұмысына жоғары баға беріп, ұзақмерзімді әріптестікті жалғастыруға ниетті.

2025/2026 маусымында «Арсенал» Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Команда 21 матчтан кейін 49 ұпай жинаған. Сонымен қатар «канонирлер» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде де бірінші орында келеді. Алты ойында 18 ұпай еншілеп, турнир барысында бар болғаны бір ғана гол жіберген.

Африка Ұлттары Кубогының екінші финалисті белгілі болды

Испания кубогы: «Реал» сырт алаңда жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или