Новороссийск клубы қазақстандық жартылай қорғаушымен қоштасты
Новороссийскінің «Черноморец» клубы жартылай қорғаушы Давид Есімбековпен қоштасқанын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клуб мәліметінше, тараптар келісімшартты өзара келісім негізінде бұзған. Давид Есімбеков «Черноморец» сапына 2024 жылдың қаңтарында қосылып, Ресей біріншілігінде бір матч өткізді. Сонымен қатар ол екі рет Қазақстан клубтарына жалға берілген.
«Черноморец» футбол клубы Давид Есімбековке атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, мансабына сәттілік тіледі.
Қазіргі таңда «Черноморец» Pari лигасының турнирлік кестесінде 21 матчтан кейін 24 ұпаймен 12-орында тұр.
Исламбек Қуат «Жеңіспен» келісімшарт мерзімін ұзартты
«Ұлытау» командасы «Жетісудың» бұрынғы ойыншысын қатарына қосты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или