Кайла Харрисон мен Аманда Нуньестің мегаайқасы өтпейтін болды
Әйелдер арасындағы ММА тарихындағы ең ірі айқастардың бірі саналатын жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz. UFC-дің ең жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы америкалық Кайла Харрисон бразилиялық аңыз, бұрынғы чемпион Аманда Нуньеске қарсы титулын қорғауы тиіс еді, алайда кездесу өтпей қалды.
Кайла Харрисон мойын жарақатын алып, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Мәліметке сәйкес, өткен аптада Нью-Йоркте дәрігерлермен кеңескеннен кейін оған омыртқааралық жарыққа байланысты операция жасалған. Осыған байланысты файтердің қалпына келуіне кемінде алты ай қажет.
Осылайша UFC 324 турнирінің негізгі интригасы өзгерді. Енді турнир Джастин Гейджи мен Пэдди Пимблетт арасындағы жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жекке сүйенеді. Сонымен қатар кардта Шон О’Мэлли — Сонг Ядонг, Деррик Льюис және Роуз Намаюнас қатысатын айқастар да бар.