Максимилиан Ибрагимович «Аякске» жалға ауысты

Максимилиан Ибрагимович «Аякске» жалға ауысты

«Аякс» клубы «Миланнан» шабуылшы Максимилиан Ибрагимовичті жалға алғанын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісім осы маусымның соңына дейін есептелген және сатып алу құқығын қамтиды. 19 жастағы Максимилиан Ибрагимович «Хаммарбю» жастар академиясынан 2022 жылы «Милан» сапына қосылған.

Соңғы алты айда жас футболшы «Милан Футуро» командасында ойнап, Италияның Серия D чемпионатында өнер көрсетті.

Айта кетейік, Максимилиан Ибрагимович — бұрын «Аякс» пен «Милан» сапында ойнаған әйгілі шабуылшы Златан Ибрагимовичтің ұлы.

Африка Ұлттары Кубогының екінші финалисті белгілі болды

Испания кубогы: «Реал» сырт алаңда жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или