Қазақстандық теннисші «Челленджер» турнирінде сенімді жеңіске жетті
24 жастағы қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Таиландтың Нонтхабури қаласында өтіп жатқан «Челленджер» санатындағы турнирдің ширек финалында кортқа шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/4 финалдық кездесуде ол франциялық Флоран Баксаны 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 22 минутқа созылды. Ойын барысында Скатов толық басымдық танытып, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін бұл екі теннисші бір-бірімен кездеспеген. Жартылай финалда Тимофей Скатов Марат Шарипов (Ресей) пен Пол Мартин Тиффон (Испания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Рыбакина емес: Қазақстан атынан тағы бір теннисші жартылай финалда
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или