Қазақстандық теннисшілер WTT Star Contender Doha турниріндегі өнерін аяқтады
Үстел теннисінен Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан WTT Star Contender Doha халықаралық турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының теннисшілері Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетті. Олар іріктеу кезеңінде ойнап, жарыстың негізгі кезеңіне өте алмады.
Қазақстандық спортшылардың көрсеткен нәтижесі:
Жекелей сайыс:
Ескендір Харки - Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) - 2:3
Сарвиноз Миркадирова - Марьям Али (Қатар) - 3:0
Сарвиноз Миркадирова - Хуан Ю-Цзе (Тайбэй) - 0:3
Әйелдер арасындағы жұптық сайыс:
Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) - Маника Батра / Дия Читале (Үндістан) - 0:3
Аралас жұптық сайыс:
Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай) - 0:3
Украиналықтар Ресей гимнастикасын жоққа шығарды: «Бәрін бізден көшіріп алды»
Ресей Олимпиадаға ораламыз деді, бірақ бар-жоғы 15 спортшы ғана барады
ХОК АҚШ құрамасын Олимпиададан шеттету мүмкіндігін жоққа шығарды