«Ертіс» командасына жаңа спорт директоры тағайындалды

«Ертіс» командасына жаңа спорт директоры тағайындалды

Руслан Есімов «Ертіс» командасының спорт директоры атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен маусым қорытындысы бойынша кәсіби футболшы ретіндегі мансабын аяқтаған «Ертістің» аңыз ойыншысы Руслан Есімов футбол клубының спорт директоры қызметіне тағайындалды.

Пентакампеондар қатарында Руслан Есімов 150-ден астам матч өткізіп, 17 гол соқты. «Ертіс» құрамында ол Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдегері атанып, Екінші лиганың чемпионы және Бірінші лиганың вице-чемпионы болды. Павлодарлық жанкүйерлердің сүйікті ойыншыларының бірі команданың қайта жандануына елеулі үлес қосып, оның Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралуында маңызды рөл атқарды. Екібастұз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі кәсіби мансабында 389 матч өткізіп, 50 голдың авторы атанған.

ҚПЛ клубы украиналық футболшыны қатарына қосты

«Ертіс» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Қазақстандық клуб Балотеллидің командасына қарсы матч өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или