50 жастағы өзбек гимнастшы Олимпиадаға оралғысы келеді

50 жастағы өзбек гимнастшы Олимпиадаға оралғысы келеді

Өзбекстанның даңқты гимнасткасы Оксана Чусовитина, 8 Олимпиадаға қатысқан бірегей спортшы, 50 жасында спортқа қайта оралуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Спортшы 2026 жылғы Азия ойындары мен 2028 жылғы Лос‑Анджелес Олимпиадасын көздеп отыр. Чусовитина гимнастикадан кету уақытын әлі белгілемегенін жеткізді. 

«Бір күні оянғанда, спорттың мен үшін аяқталғанын сезінсем, сол күні тоқтатамын» деді ол.

Айта кетелік, Оксана Чусовитина 8 Олимпиадаға қатысқан жалғыз спортшы.

Америкалық мәнерлеп сырғанаушылар: Олимпиадаға кім барады?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или