«Олардың деңгейі төмендеп барады»: Юсуп Шадиев Қазақстан футболы туралы
Қазақстан футболының ветераны Юсуп Шадиев қазақстандық ойыншылардың шетелдік клубтарға жиі кетуінің себебін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы ол Sports.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.
Ветеран, ел футболшыларының шетел чемпионаттарына кетуі ұнайтынын жеткізді.
«Соңғы уақытта қазақстандық ойыншылардың шетел чемпионаттарына кету тенденциясы қалыптасқаны ұнайды. Бұл өте жақсы. Көбіне жергілікті футболшылар белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін, өздерін Еуропада сынаудың орнына Қазақстанда қалып қояды. Сол себепті олардың деңгейі төмендейді» дейді ветеран
Қалиевтің сөзіне сүйенсек, қазақстандық футболшылар мүмкіндігінше басқа ел атынан шығып, тәжірибелерін арттыруы тиіс.
«Қазақстандық футболшылардың мүмкіндігінше көбі шетелде ойнауы керек. Мысалы, Нуралы Әліп «Зенитке» кетті және қазір жақсы ойнап жүр, ұлттық команданың жетекшісі әрі капитаны болып табылады. Бауржан Исламхан Қазақстаннан кеш кеткені өкінішті, ертерек кетсе де болар еді. Шетелде бәсекелестік жоғары, бірақ сол арқылы деңгейіңді арттыруға болады. Қазақстан құрамасы үшін де ойыншылардың осындай мықты чемпионаттарда ойнауы өте пайдалы» деді Юсуп Шадиев.