Көркем гимнастика: «Ресей бәрін Украинада көшіріп алған»
Украина құрамасының көркем гимнастикадағы бас бапкері Ирина Дерюгина ресейлік гимнастиканың бұрынғы жетекшісі Ирина Винерге ауыр айып тақты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы ол украиналық БАҚ-на берген сұхбатында мәлім етті.
Украиналық маманның сөзіне сүйенсек, әйгілі Винер ешқашан авторлық бағдарламалар жасамаған және Украина енгізген жүйелерді айна қатесіз қайталап, көшіріп отырған.
«Ол бірде-бір еркін жаттығуды өзі қоя алған жоқ. Әуенді де өз бетінше таңдаған емес, өйткені бәрін дайын күйде әлеужеліден алды. Біз бірінші жасадық, ал олар бізден көшіріп алып отырды. Біздің демеушіміз "Нафтогаз" болған соң, оларда "Газпром" пайда болды. Барлығын қайталады» деді Дерюгина.
Дерюгина Иринаның гимнастикадағы ықпалын жоққа шығармайтынын айтты, әйткенмен оның нағыз бапкер емес, тек қана ұйымдастырушы болғанын алға тартты.
«Ол Ресей гимнастикасының анасы іспетті рөлде болды. Оны қорғады, сол жолда жанын салды. Бірақ мен үшін ол кәсіби бапкер емес, жай ғана ұйымдастырушы. Себебі оны орнынан қозғаған басты қозғаушы күш Украинаға деген бәсекелестігі болды. Бар көксегені украиналықтарды басып озу ғана еді» деді украиналық бапкер.
Айта кетелік, аталмыш мәлімдеме Ресей мен Украина арасындағы спорттық бәсекелестіктің сахна сыртында қаншалықты ушығып тұрғанын тағы бір мәрте көрсетті.