Егор Сорокин «Қайраттан» кетуі мүмкін

Егор Сорокин «Қайраттан» кетуі мүмкін

«Қайрат» клубының орталық қорғаушысы Егор Сорокин қысқы трансферлік кезеңде алматылық командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz. Футболшыға Азияның бірнеше клубы бірдей қызығушылық танытып отыр.

30 жастағы қорғаушыға үміткерлер қатарында оңтүстіккореялық «Сеул» мен «Инчхон Юнайтед», сондай-ақ қытайлық «Чунцин Тоньлянлонг» клубы аталады. Бұл үш команда да ықтимал трансферге байланысты ресми сұраныс жолдаған.

Егор Сорокин «Қайрат» сапында 2024 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол 52 матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Ағымдағы маусымда қорғаушы Чемпиондар лигасының іріктеуін қоса алғанда барлық 14 ойында толық 90 минуттан алаңда болды.

Футболшының нарықтағы құны 1 миллион еуро деп бағаланып отыр. Бұған дейін Сорокин «Рубин» мен «Краснодар» клубтарында ойнаған, сондай-ақ Ресей құрамасына шақырылған.

«Оле Бразил» жобасының түлегі мансабын аяқтады

Қазақстандық футболшы «Ахмат» сапындағы алғашқы матчын өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или