Милан-2026: Ресей Олимпиадасына шамамен 15 спортшы ғана барады

Милан-2026: Ресей Олимпиадасына шамамен 15 спортшы ғана барады

2026 жылы Италияның Милан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында Ресей атынан шамамен 15 спортшы ғана өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Аталмыш тізім саны 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы көрсеткішпен шамалас. Қазіргі таңда Олимпиадаға іріктеу талаптарын 12 ресейлік спортшы орындап үлгерген. Алайда олардың барлығы Халықаралық олимпиада комитетінің ресми шақыруын әлі алмаған.

Жолдамаға бір адым жақын спортшылар:

Никита Филиппов – ски-альпинизм

Петр Гуменник – мәнерлеп сырғанау

Аделия Петросян – мәнерлеп сырғанау

Алёна Крылова – шорт-трек

Иван Посашков – шорт-трек

Филиппов, Гуменник пен Петросян ХОК-тан ресми шақыру алған. Крылова мен Посашковтың баруы әлі белгісіз. 

ХОК-тың шақыруын әлі алмаған, бірақ іріктеуден өткен спортшылар:

Анастасия Семенова – конькимен жүгіру

Ксения Коржова – конькимен жүгіру

Савелий Коростелев – шаңғы жарысы

Дарья Непряева – шаңғы жарысы

Матвей Пересторонин, Павел Репилов, Дарья Олесик – шана спорты.

Ресейде бейтарап мәртебе алған спортшылар көп болсада,  Ақ ойынға 15 шақты ғана спортшы жіберілмек. Тіпті оған жетпеуі де мүмкін. 

Айта кетелік, кей спортшылар Олимпиадаға өте алмайды, себебі Ресейдің Еуропа мен АҚШ-қа кіре алмауы, спортшылардың рейтингтегі төмен көрсеткіші, кешеуілдеп берілген бейтарап мәртебе рөл ойнап тұр.






Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или