Қазақстандық теннисші жартылай финалға шықты — бұл Рыбакина емес
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Австралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Данилина аталмыш жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге жұптасып өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалдағы қарсыластары чехиялық Мари Боузкова мен бразилиялық Луиза Стефани жұбы матчқа шықпай, турнирге қатысудан бас тартты.
Айта кетелік, қазақстандық-сербиялық жұп ойын өткізбей-ақ жартылай финалға жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или