Қазақтың Олимпиада чемпионы әлемдік бокс аңызымен кездесті

Қазақтың Олимпиада чемпионы әлемдік бокс аңызымен кездесті

Қазақстандық боксшы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қазіргі заманның ең үздік боксшыларының бірі саналатын америкалық Терренс Кроуфордпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сәпиев әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионымен түскен суретін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, олар әлем чемпионаты барысында жолығып, рингте кездескен ортақ қарсыластар туралы әңгімелескен. Серік бұл жекпе-жектердің өзінде Олимпиадалық бокста, ал Кроуфордтың кәсіпқой рингте өткенін атап өтті.

Айта кетейік, Серік Сәпиев әуесқой бокстың аңызы саналады. Лондон Олимпиадасындағы алтыннан бөлек, ол екі мәрте әлем чемпионы атанып, Вэл Баркер кубогының иегері болған.

Ал Терренс Кроуфорд кәсіпқой бокста төрт белбеу дәуірінде екі салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанған тарихтағы алғашқы боксшы ретінде танымал.

Бокстан әлем чемпионы: «Қайрат Сәтжановты неге дәл Олимпиада алдында жұмыстан шығара береді?»

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или