Әлішер Сәркенов НХЛ драфтына ілігуі мүмкін

Әлішер Сәркенов НХЛ драфтына ілігуі мүмкін

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы, WHL лигасындағы «Принс-Альберт Рейдерз» клубының ойыншысы Әлішер Сәркенов алдағы НХЛ драфтында таңдалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық хоккей лигасының орталық скауттық бюросы жасаған болжамға сәйкес, 18 жастағы қазақстандық хоккейші жалпы тізімде 175-нөмірмен таңдалады деп күтіліп отыр.

Қазіргі маусымда Әлішер Сәркенов WHL тұрақты чемпионатында 18 матч өткізіп, 17 ұпай (8 гол + 9 нәтижелі пас) жинады. Қазақстан жастар құрамасы сапында ол бес ойында 10 ұпайға (4+6) қол жеткізген.

«Торпедо» Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді

«Автомобилист» — «Барыс» матчы қалай өтті. Видео

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или