Қазақстандық файтер «Жыл жауынгері» атағына үміткер
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының ең үздік үш жауынгерінің қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz. Жаңартылған салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингте ол үшінші орынға жайғасты.
Қазақстандық спортшыдан жоғары тек екі файтер ғана тұр. Олар — ирландиялық ауыр салмақ өкілі Уилл Флери және Германиядан шыққан орта салмақ чемпионы Керим Энгизек. Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов Oktagon тарихында ең жеңіл салмақта чемпион атанып, титулын сәтті қорғаған алғашқы файтер ретінде тіркелді.
Соңғы жекпе-жегінде Жұмағұлов үлкен сенсация жасады. Прагадағы 20 мың көрермен жиналған аренада ол UFC-дің бұрынғы үздік 15 жауынгерінің бірі Давид Дворакты мерзімінен бұрын жеңді. Бұл чех файтері үшін соңғы 13 жылдағы алғашқы мерзімінен бұрынғы жеңіліс болды.
UFC-ден кеткеннен кейін Жалғас Жұмағұловтың рекорды 5-0 болып тұр. Қазақстандық файтер енді 61 келі салмақта екінші чемпиондық белбеуді жеңіп алуды мақсат етіп отыр.
Қазақ файтері өзбекстандық қарсыласын жеңді
OCTAGON 1XBET SELECTION 57 турнирінде қазақстандық файтерлер бақ сынады