Қазақстанның бірінші ракеткасы ABN AMRO Open жарысында ойнайды

Қазақстанның бірінші ракеткасы ABN AMRO Open жарысында ойнайды

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Роттердамда өтетін беделді ATP 500 санатындағы турнирге қатысатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz. Нидерландтағы ABN AMRO Open 2026 жарысы 9–15 ақпан аралығында өтеді.

Биылғы турнирдің қатысушылар құрамы өте мықты болмақ. Қазіргі таңда ATP рейтингінде 10-орында тұрған Бубликке әлемнің үздік ондығындағы бірқатар теннисші қарсылас болады. Олардың қатарында испаниялық Карлос Алькарас, германиялық Александр Зверев, аустралиялық Алекс де Минаур және канадалық Феликс Оже-Альяссим бар.

Еске сала кетейік, Гонконгтағы ATP 250 турниріндегі жеңістен кейін Александр Бублик Қазақстан тарихында алғаш рет ATP жекелей рейтингінің үздік ондығына енген теннисші атанды.

Қазақстандық жас теннисші Тайландтағы турнирді жеңіспен бастады

Ресми: Қазақстан әлемдік теннис элитасына енді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или