Мирас Тулиев футболдағы мансабын аяқтады

Мирас Тулиев футболдағы мансабын аяқтады

Бразилияның «Оле Бразил» футбол академиясының түлегі, Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Мирас Тулиев ойыншылық мансабын аяқтағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тулиевтің айтуынша, ол өткен жылдан бері бапкерлік қызметке бет бұрған. Қазір бапкерлік C санаты бойынша оқып жүр және «Каспий» клубында жұмыс істейді. Былтыр QJ лигасында еңбек етсе, биыл дубль командасында бас бапкердің ассистенті қызметін атқарып жүр. Оның сөзінше, жағдай осылай қалыптасып, болашақты бапкерлікпен байланыстырған.

31 жастағы Мирас Тулиев кәсіби мансабында «Каспий», «Оқжетпес», «Атырау» және «Ертіс» клубтарында ойнады. Қазақстанның U21 жастар құрамасы сапында 21 матч өткізіп, бір гол соққан.

Қазақстандық футболшы «Ахмат» сапындағы алғашқы матчын өткізді

«Оқжетпес» командасының қысқы оқу-жаттығу жиындары туралы ақпарат жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или