Қазақстандық футболшы «Ахмат» сапындағы алғашқы матчын өткізді

Қазақстандық футболшы «Ахмат» сапындағы алғашқы матчын өткізді

Грозныйдың «Ахмат» командасы Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиынында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

РПЛ клубы сербиялық «Нови Пазар» командасымен ойнады.

Бас бапкер Станислав Черчесов келесі құрамды алаңға шығарды: Ульянов, Кистенев, Ндонг, Цаке, Богосавач, Келиано, Касинтура, Пряхин, Садулаев, Самородов және Мелкадзе.

«Ахмат» сапындағы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ойынды қосалқы құрамда бастап, екінші таймда алаңға шықты. 66-минутта Кенжебектің гол соғуға тамаша мүмкіндігі болды, бірақ доп қақпадан биік кетті.

Матч сербиялықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. 

Айта кету керек, Кенжебек ресми түрде 10 қаңтарда ресейлік клубқа қосылды.


ҚПЛ клубы украиналық футболшыны қатарына қосты

«Ертіс» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Қазақстандық клуб Балотеллидің командасына қарсы матч өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или