Бекхан Шайзада мансабы жайлы шешім қабылдады

Бекхан Шайзада мансабы жайлы шешім қабылдады

Қазақстан құрамасының қақпашысы Бекхан Шайзада «Ордабасы» командасымен келісімшартын ұзартты деп хабарлайды Prosports.kz.

- Бекхан Шайзада клубымызда қалады.

Бекхан, біздің жанкүйерлердің жүрегінде ерекше орын алып, команда рухына әрқашан жанашырлықпен үлес қосады.

Оның клубтағы болашағымызға қосқан әсері зор — алда бізді бірге жаңа белестер күтуде, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі. 

27 жастағы шымкенттік футболшы бүкіл мансабын «Ордабасы» сапында өткізді. Өткен маусымда қақпашы клуб сапында барлық жарыстарда 24 ойын өткізіп, 26 гол жіберіп алды. Transfermarkt футболшыны 500 000 еуроға бағалап отыр.

«Ордабасы» өткен маусымда ҚПЛ-да 35 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орын алды.


«Ертіс» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Қазақстандық клуб Балотеллидің командасына қарсы матч өткізді

«Жеңіс» ойыншысы мансабын «Оқжетпесте» жалғастырады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или