«Ертіс» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Беларусь маманы Кирилл Альшевский Павлодардың «Ертіс» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Кирилл Альшевский — «Ertis» ФК бас бапкері«Ertis» футбол клубы команданың бас бапкері болып беларусь маманы Кирилл Альшевский тағайындалғанын хабарлайды.
Кирилл Альшевский әр жылдары «Рух», «Лиепая», «БАТЕ», «РУОР», «Динамо» Минск сияқты клубтарда, сондай-ақ Беларусь жастар құрамаларының құрылымдарында жұмыс істеді. Альшевскийдің басшылығымен борисовтік «БАТЭ» ұлттық аренада чемпионаттың күміс жүлдегері және Беларусь Кубогының иегері ретінде маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, Беларусь футболының флагманы мәртебесін растады.
Маманның соңғы жұмыс орны мәскеулік «Велес» болды.
«Ertis» футбол клубы Кирилл Петровичке сәттілік пен команданы басқаруда үлкен жеңістер тілейді, - деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.
Қазақстандық клуб Балотеллидің командасына қарсы матч өткізді