«Қайрат» клубының қорғаушысы Егор Сорокин 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресейдің үздік футболшылары тізіміне кірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы «АЗИЯ-СПОРТ» Telegram-арнасы жазды.
Мәліметке сәйкес, журнал «Футбол» ұйымдастырған сауалнамаға қатысқан сарапшы өз таңдауын жасағанда Сорокинді еш күмәнсіз тізімге қосқанын айтқан. Оның сөзінше, қазақстандық клубтағы нәтижелер мен тұрақты ойын деңгейі бұл шешімге толық негіз болған.
Егор Сорокин 2025 маусымында «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанып, клубтың Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына үлес қосты. Ол іріктеу кезеңінде де, негізгі кезеңде де бірде-бір матчты алмастырылмай толық өткізген. Автордың айтуынша, шетелде өнер көрсеткен ресейлік футболшылардың арасында маусымды дәл осындай тұрақты әрі өнімді өткізгендер аз.