Бакадыр Өтебаев селекциялық турнирде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бакадыр Өтебаев селекциялық турнирде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Қазақстандық ММА файтерлері Орталық Азия жауынгерлік лигасы 1XBET серіктестігімен ұйымдастырған OCTAGON 1XBET SELECTION 57 селекциялық турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең жеңіл салмақта октагонға қазақстандық Руслан Бекмағамбетов пен оның отандасы Бакадыр Өтебаев (0-1) шықты. Кездесу басталысымен жекпе-жек партерге ауысып, 18 жастағы Бекмағамбетов бастапқыда тиімді позицияға ие болды.

Алайда ол бұл басымдықты сақтай алмады. Бакадыр Өтебаев жекпе-жек барысын өз пайдасына бұрып, қарсыласына қысым көрсетті де, бірінші раундтың екінші минутында техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті.

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы 

OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или