ХОК АҚШ-қа қатысты ұстанымын түсіндірді
Халықаралық Олимпиада комитеті АҚШ пен Венесуэла арасындағы қақтығыс аясында АҚШ құрамасының 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатыстырылмауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
МОК өз мәлімдемесінде спорт саясаттан тыс қалуы тиіс екенін атап өтті. Ұйым өкілдерінің айтуынша, Олимпиада қозғалысының басты мақсаты — әлемді бейбіт бәсекеде біріктіру, ал мемлекеттер арасындағы саяси қақтығыстарға тікелей араласу комитет құзыретіне кірмейді. Сондықтан спортшылардың шыққан еліне қарамастан, Олимпиадаға қатысуына мүмкіндік беру — МОК-тың негізгі міндеті.
Сондай-ақ мәлімдемеде Ресей Олимпиада комитетінің мүшелігінің тоқтатылу себебі түсіндірілді. Бұл шешім 2023 жылғы 5 қазанда Ресей Олимпиада комитетінің Украина Ұлттық Олимпиада комитетінің қарамағындағы бірқатар аймақтық спорт ұйымдарын өз құрамына қосу туралы біржақты шешім қабылдауымен байланысты екені айтылды. Мұндай әрекет Олимпиадалық хартияны бұзады, сондықтан АҚШ-қа қатысты жағдаймен салыстыруға келмейді.
МОК бұл ұстанымның Спорттық арбитраж соты тарапынан да расталғанын атап өтті. Сот шешімінде өзге қақтығыстарға сілтеме жасау орынсыз екені, өйткені ол істерде ұлттық олимпиадалық комитеттер өз құзыретін басқа комитеттердің аумағына таратпағаны көрсетілген.
Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді