DAR Team бапкері Рахмоновтың дайындығына кемі үш ай қажет екенін мәлімдеді

DAR Team бапкері Рахмоновтың дайындығына кемі үш ай қажет екенін мәлімдеді

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров шәкірті Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралуы мүмкін екеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Базровтың айтуынша, жартылай орта салмақта рейтингтің жоғары сатысында тұрған кезде қарсыластың кім екені аса маңызды емес. Ислам Махачев болсын, Камару Усман болсын, Иэн Гэрри, Пратес немесе Маддалена болсын — барлығы да мықты. Қандай қарсылас берілсе, соған сай дайындалу қажет. Қазіргі таңда Шавкатқа қатысты нақты қарсылас пен жекпе-жек туралы ұсыныс жоқ екенін атап өтті.

Бапкердің сөзінше, толыққанды дайындық үшін кемінде екі жарым, тіпті үш айға жуық уақыт қажет. Қысқа мерзім, яғни бір немесе бір жарым ай жеткіліксіз. Рахмонов қазір жаттығу залында, тұрақты түрде дайындалып жүр, алайда жекпе-жекке арнайы оқу-жаттығу жиынынсыз шығу мүмкін емес.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде октагонға шығып, бес раундқа созылған жекпе-жекте ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын. Сол айқаста алған жарақатына байланысты қазақстандық файтер 2025 жыл бойы жекпе-жек өткізбеді.

Қазақстандық файтер OCTAGON турнирінде өзбек спортшысымен төбелесті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или