Қорғаушы «Астана» нұсқасын қарастырып отыр

Қорғаушы «Астана» нұсқасын қарастырып отыр

Оң қаптал қорғаушы Сұлтанбек Астанов «Ертіс» клубына ауысу жөнінде келісімге келе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz. Павлодарлық клубтағы басшылық пен бапкерлік штабтың ауысуы бірқатар тәжірибелі футболшылардың шешіміне әсер еткен.

Осы тізімде Темірлан Ерланов, Сағадат Тұрсынбай, Шохбоз Умаров, Евгений Макаренко секілді ойыншылармен қатар Сұлтанбек Астанов та бар. Қорғаушы «Ертістен» бас тартып, «Астана» клубына ауысу мүмкіндігін қарастырып отыр. Айта кетейік, елордалық командада оның туған ағасы — Елхан Астанов өнер көрсетеді.

Өткен маусымда ағайынды Астановтар «Ордабасы» сапында ойнап, шымкенттік клубтың Қазақстан Кубогының финалына шығуына үлес қосты. Сұлтанбек Астанов кәсіби мансабын «Қайратта» бастап, кейін «Ордабасыға» ауысқан. Қазақстан құрамасы сапында ол сегіз матч өткізген.

«Жеңіс» ойыншысы мансабын «Оқжетпесте» жалғастырады

Тимур Досмағамбетов «Ақтөбеге» қайта оралды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или