Бокстан әлем чемпионы: «Қайрат Сәтжановты неге дәл Олимпиада алдында жұмыстан шығара береді?»
Бокстан әлем чемпионы Ердос Жаңаберген Қайрат Сәтжанның қызметінен алынуына қатысты ащы пікір білдірді, деп һабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы «Sportbugin» мәлім етті.
Спортшының пікіріне сүйенсек, басшылық Қайрат Сәтжанға Олимпиадаға дейін мүмкіндік бермей келеді.
«Қайрат ағаға бір циклді беруі керек еді. Ойынға екі жыл қалғанда бапкердің ауысуы оңай емес. Оның үстіне, ағайды Токио Олимпиадасының алдында да дәл осылай жұмыстан шығарған болатын» деді чемпион.
Айта кетелік, бұған дейін Қайрат Сәтжанның қызы әкесінің қызметтен өз еркімен кетпегенін, әдлетсіз түрде алынып тасталғанын ашына жеткізген болатын.
Сәтжановты неге қызметінен кетірді? Қызы: «Әділетсіздікке тап болдық»
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или