Қазақстандық ойыншы мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады
Қазақстандық тәжірибелі қорғаушы Тимур Досмағамбетов «Ақтөбе» футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық құраманың көп жылдар бойғы тұрақты ойыншысы — көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубының түлегі. Тимур шымкенттік «Ордабасы», «Тараз», «Астана», қостанайлық «Тобыл» және т.б. отандық клубтардың намысын қорғады.
Өз мансабында бір мәрте Қазақстан чемпионы атанып, бір рет ҚР Суперкубогын иеленді. Оған қоса Қазақстан Лига Кубогының жеңімпазы болды.
2010 жылы «Ақтөбе» сапында доп теуіп, барлық турнирлердегі он үш матчта бір голмен көзге түсті.
«Қайрат» жаңа легионердің алғашқы жаттығуын көрсетті. Видео
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или