Асқат Жантұрсыновтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асқат Жантұрсынов (10-1, 9 нокаут) рингке оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Жантұрсыновтың келесі жекпе-жегі 29 қаңтарда Таиландтың Бангкок қаласында өтеді. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Аписит Сангмуанг (22-14-2, 17 нокаут) болады. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған және ауыр салмақта өтеді.
Асқат Жантұрсынов кейінгі жекпе-жегін өткен жылдың 27 қыркүйегінде Бангкокта өткізіп, онда ол тайлық боксшы Тхоедак Синамды (25-21, 21 нокаут) нокаутқа түсірген.
Аписит Сангмуангқа келетін болсақ, ол қатарынан төрт рет нокаутпен жеңіліске ұшырады.
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі 19 қаңтарда қаралады
Қазақстан бокс федерациясына бірінші вице-президент тағайындалды
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасына қатысты жаңа ақпарат жарияланды