Шавкат Рахмоновтың алғашқы қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық жеңілмеген файтер Шавкат Рахмонов алаңға қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рахмонов UFC 327 турнирінде австралиялық Джек Делла Маддаленамен басты жекпе-жекке шығуы мүмкін. TWSN.net хабарлауынша, бұл бес раундтық қақтығыс Майамиде 2026 жылдың сәуір айында өтетін турнирдің басты оқиғасы болмақ. Жеңімпаз чемпиондық белдікке бір қадам жақындап, UFC рейтингінде жоғары сатыға көтерілетін болады.
Айта кетелік, Шавкат көптен бері жекпе-жек кешін өткізбеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или