Мұз айдыннан шұрық тесік шықты: Миландағы хоккейден дайындық ойыны тоқтатылды - Қысқы Олимпиада қалай өтпек?

Мұз айдыннан шұрық тесік шықты: Миландағы хоккейден дайындық ойыны тоқтатылды - Қысқы Олимпиада қалай өтпек?

Миланның «Санта-Джулия» аренасында өткен хоккейден дайындық ойыны мұздағы шұрық тесік салдарынан тоқтатылды. Бұл алаң 2026 жылғы Қысқы Олимпиададағы хоккей турнирінің бір алаңы болады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Жартылай финалдық матч «Кальтерн» және «Варезе» командалары арасында өтіп жатқан кезде, қақпа алдында мұзда тесік пайда болып, ойын тоқтатылды. Алаң қызметкерлері ойын тоқтап тұрған кезде зақымдалған жерді су құйып жөндеді.

Бұл жағдай бұрыннан айтылып жүрген қауіптердің дәлелі болды. НХЛ комиссары Гэри Беттмэн мұз сапасына алаңдаушылық білдіріп, ойыншылардың қауіпсіздігіне байланысты Олимпиадаға қатысудан бас тартуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Алайда ХОК спорттық директоры Пьер Дюкрей аренаның толық дайын болатынын және НХЛ ойыншылары Олимпиадаға еш қорқынышсыз келе алатынына сендірді.

Қысқы Олимпиада-2026 Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6–22 ақпан аралығында өтеді.

Айта кетелік, бұл НХЛ ойыншыларының Олимпиада мұзына 2014 жылдан бергі алғаш рет шығуы болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или