Димашпен сахнада тұрған әнші Италиядағы Олимпиадада өнер көрсетеді
Италияның Милан Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімінде әлемге танымал әнші өнер көрсететін болады. Ол бұрын Димаш Құдайбергенмен өнер көрсеткен, деп хабарлайды Prosports.kz.
Легендаға айналған итальян опер әншісі Андреа Бочелли 2026 жылғы Олимпия ойындардың ашылу салтанатында өнер көрсетеді. Бұл оның спорт пен музыканың арасындағы табиғи көпірді көрсетуімен қатар, сахнаға қайта оралуымен де байланысты. Бочелли соңғы рет Италияның Турин қаласында өткен 2006 жылғы қысқы Олимпиадада сахнаға шыққан еді.
Айта кетелік, сондай-ақ бірқатар танымал әртістер де Ақ ойынның ашылу салтанатында өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или