Өзбекстандық Тулкин Киличев Қазақстан құрамасының «бас бапкері» болып тағайындалды
Белгілі спорт журналисті Ерзат Серғазин Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличевті Қазақстан ұлттық құрамасына шақыруды ұсынды. Пікір жанкүйерлер мен сарапшылар арасында қызу талқыланып жатыр, деп жазады Prosports.kz. Бұл туралы ол Kendala TV арнасында мәлім қылды.
Серғазин Қазақстан боксының бапкерлік таңдауын сынға алды. Оның пікірінше, егер Кайрат Сәтжановтың орнына әлемдік деңгейдегі маман Тулкин Киличев келсе, бұл шешім түсінікті әрі әділ болар еді.
«Өзбекстан бокс әлемінің гранд мемлекеті: Олимпиадада бес алтын, әлем чемпионатында алты алтын. Мұндай бапкерді шақырса, бәрі өз орнына келер еді» деді журналист.
Тулкин Киличев 2022 жылдан бері Өзбекстан ерлер құрамасын жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен команда әлемдік аренада алғы орынға шығып, Қазақстанның басты қарсыласына айналды.
Айта кетелік бұл ұсыныс ресми шешімге айналған жоқ, бірақ ол Қазақстан боксы жанкүйерлері арасында қызу талқыланып жатыр.